• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:08:11
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путин Ресей астығын экспорттауға салынған санкциялар күшін жойған кезде Украина астығын экспорттауға көмектесетінін мәлімдеді, деп жазады BBC.

Тегерандағы Иран және Түркия басшыларымен кездесу барысында Путин Украина астығын экспорттауды тоқтату кей елдерде ашаршылық қаупін тудыруы мүмкін екенін еске салды. Сөзінше, Ресей Украина астығын шетелге шығару үшін көмектесуге дайын. Алайда Путин кей санкцияларды жеңілдетуді талап етіп отыр. 

– Түркия Республикасы Украина астығын экспорттау туралы келісімге қол жеткізу үшін көп жұмыс атқарды. Біздің бір ғана талабымыз бар. Егер біздің астыққа салынған санкциялардың күші жойылса, Украина астығының экспорттауға көмектесеміз, – деді Путин.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір