• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 04:32:58
Алматы
+12°

Қазақстанда оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бұйрығының жобасында айтылған.

Бұйрыққа сай, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасынан (қазір 33 апта), 2-11 (12)-сыныптарда 36 оқу аптасынан (қазір 34 апта) тұрады.

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күнді (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында), қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында), көктемгі – 9 күнді (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында) құрайды

1-сыныптар қосымша 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында) демалады.

Министрлік қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, "күрделі" тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді деп санайды.

Сондай-ақ министрлік түсіндірмесінде, жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқарту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеу мен сырқаттанушылығын төмендетуді көздейтіні айтылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: оқу жылының ұзақтығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір