• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:48:07
Алматы
+35°

Daryn.online – Қазақстан бойынша оқушылар мен мұғалімдер арасында 3,6 млн астам қолданушысы бар онлайн білім беру нарығындағы жетекші компаниялардың бірі. Негізгі бағыты бірқатар онлайн платформаларды дамыту және енгізу, VR/AR өнімдері мен ойындарын әзірлеу, 0-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған оқыту контентін даярлау. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге арналған ертегі кітаптар, мультфильмдер, ойыншықтар мен мобильді қосымшалар жасап, ұсынады.

Prometheus School – Қазақстандағы ірі жекеменшік мектептер желісінің негізін қалаушы Қаупынбаев Даурен Туленұлы мен EPG Education адам капиталын дамыту қорының бірлескен білім беру жобасы. 856 оқушыға арналған мектеп Алматы қаласында орналасқан. Аталған мектептің бағыты орта білім берудің үздік заманауи әдістемелерін енгізуге, тұлғаны жан-жақты дамыту мен көшбасшыларды қалыптастыруға негізделген.

Daryn.online платформасы мен Prometheus school арасындағы серіктестіктің мақсаты – Prometheus School ұсынатын инновациялық әдістемелер мен дәстүрлі білім берудегі тәжірибені мектептің білікті ұстаздарының белсенді қатысуы арқылы Daryn.online өнімдеріне ұтымды пайдалану. Бұл дегеніміз Daryn.online арқылы білім алатын шалғайдағы оқушылардың инновациялық, заманауи білім көшінен кейін қалып қоймауына үлкен мүмкіндік.

«Daryn.online мен Prometheus School бірлесіп, гибридтік мектеп жасау ойын жүзеге асырғалы отыр. Осы мақсатта біз онлайн білім беруге үлес қосқан білікті педагогтардың тәжірибесін негізге ала отырып, еліміздегі білім саласын жаңа деңгейге көтеруге үлес қоссақ дейміз. Daryn.online Bugin Holding-тің негізгі жобаларының бірі. Ал Bugin Holding-тің мақсаты – болашақта қолжетімді мектептер ашу. Осы жолда біз Prometheus School мектебімен бірге бұдан да мол тәжірибе жинайтынымызға сенімдіміз, – дейді Daryn.online негізін қалаушы Айбек Қуатбай.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Daryn.online Prometheus School

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір