24 Шілде, 2022 Әлем
Фото: Reuters
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің жылдам тарауына байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады Reuters.
ДДСҰ-ның дерегінше, әлемнің 70 елінде 16 мың адам маймыл шешегін жұқтырғаны анықталған. Әсіресе, Еуропа елдерінде маймыл шешегі тез таралып жатыр.
Бұған дейін ДДСҰ сарапшылары маймыл шешегіне туралы бір шешімге келе алмаған. Дегенмен, маймыл шешегі тез таралып, халықаралық деңгейде қаупі арта түскендіктен, соңғы шешімді ұйым басшысы қабылдаған.
"Маймыл шешегінің әлемдік деңгейде өршуі – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп санаймын", - деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір