25 Шілде, 2022 NEWS
Фото: nege.kz
Қазақстанда мерекелік күндердің тізбесінде 3 атаулы мереке пайда болуы мүмкін. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек.
Тізімге төмендегідей кәсіби мерекелер қосылатын болады:
9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні;
19 желтоқсан – Жарнама маманы күні;
16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні.
"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мереке бекіту жөніндегі бастама жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен елдің осы саладағы негізгі қоғамдық-саяси күштерінің шоғырлануын айғақтайтын болады", делінген құжатта.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні туралы құжатты қоғамдық талқылау мерзімі – 2 тамызға дейін болса, Кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір