• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:21:07
Алматы
+35°

Қазақстан Ұлттық Банкі 27 шілдеден бастап "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" атты монеталар сериясынан "ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL" коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады.

"Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясы бойынша шыққан 100 теңгелік монета Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған.

Монеталар www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылатын болады. 

"ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL" коллекциялық монетасының сипаттамасы

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу монета жиегімен айналдыра жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуды көруге болады.

вым

Монета реверсінде Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін «100 JYL» деген жазу бар, монета жиегінде «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, «ROZA BAǴLANOVA» деген жазулар айналдыра басылған, сол жағында – монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазу бар.

МН25 қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», таралымы – 15 000 дана.

Монета коллекциялық құны тұрғысынан сатуға арналған. Олар белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылданады.

Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір