• USD 476.18

  • EUR 485.56

  • RUB 7.76

  • CNY 70.34

16 Тамыз, 06:41:54
Алматы
+20°

Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Әбішева әкесі сырқаты басталған 2015  жылдан бері бизнеспен айналысуды доғарып, істерін сенімді адамдарына тапсырғанын айтады. Бұл туралы ол Экспресс-К басылымына берген сұхбатында жеткізді.

Гүлмира Әбішева баспасөзде рейдерлік басып алу әрекеттерімен әкесінің есімі қатар аталып жүргенін естіп отырғанын, бірақ әкесі туралы айтылып жатқанның бәрі өтірік, арандату екенін атап өтті.

Оның сөзінше, бұрын Болат Назарбаевтың үйі қонақтан босамаса, ауырған соң әрі қаңтар оқиғасынан кейін бәрі Шамалғанға (Болат Назарбаевтың ауылы – ред) барар жолды ұмытқан.

– Бір дастархан басында ас ішкен, бауыр, қарындастай болып кеткен достарымыздан бүгінде ешкім қалмады десе де болады. Тек жақындары, отбасымыз, бала-шаға, немерелер ғана қалды. Бұрын бізге топырлап келетін еді. Қазір тек әкемнің қасында әскерде бірге болған достары мен сыныптастары ғана қалды, қалғаны таптырмай кетті, –  дейді ол.

Гүлмира Әбішева "жұрттың айтып жатқанына мүлде мән бермейтін болдым, ақиқат бір Аллаға ғана аян. Біз БАҚ-та жазып жатқанда ешқайда да қашып кетпедік, бәріміз осындамыз. Тек әкеміздің емі үшін (шетелге – ред.) барып қайттық, оның өмірі үшін күрестік" деп отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір