28 Шілде, 2022 Әлем
Фото: BBC
Сәрсенбі күні Ирактағы шииттік ағым лидері Муктады ас-Садраның жақтастары ел астансы Бағдат қаласында қатаң күзетілетін парламент ғимаратын басып алды, деп жазады BBC.
Олар Мұхаммед ас-Суданиді елдің премьер-министрі етіп тағайындау жоспарына наразылық білдіріп отыр. Муктады ас-Садраның жақтастары Мұхаммед ас-суданиді Иранның қолшоқпары деп есептейді.
Иракта 290 күн бойы толыққанды үкімет болмады. Осылайша, Ирак елі өз антирекордын жаңартты. Бұған дейін 2010 жылы 289 күн бойы үкімет жасақталмаған еді.
Полицейлер көзден жас ағызатын газ бен су атқыш қолданғанына қарамастан, наразы топты тоқтата алмады. Бұл кезде парламент ғимаратында бірде-бір депутат болған жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір