• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:08:29
Алматы
+12°

Премьер-министр Әлихан Смайлов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желіні шектей алатын өкілет беретін қаулыға қол қойды.

Құжатқа сай, министрлік әлеуметтік желілерді бақылайтын қосымша мүмкіндіктерге ие болды. Атап айтқанда:

♦ онлайн-платформаны (Facebook іспеттес әлеуметтік желілер) немесе лездік хабарлар алмасу сервисін (Whatsapp тәріздес мессенджерлер) пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында олардан бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрата алады;

♦ онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындай алады;

♦Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ел аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектей алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір