• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:24:39
Алматы
+12°

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы бірнеше пойыздың нөмірі мен қатынау бағыты өзгеретінін хабарлады.

"Нұр-Сұлтан – Шымкент" бағыты бойынша:
  • 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" пойызы;
  • 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы ашылады.
Сонымен қатар, 5 қыркүйектен бастап №71/72 пойыздың "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы қатынасы өзгереді.
 
"Атырау – Алматы" бағыты бойынша:
  • 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 "Атырау-Алматы-2" коммерциялық пойызы;
  • 3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 "Алматы-2-Атырау" пойызы күн сайын қатынайтын болады.
Басқа бағыттар бойынша:
  • 5 қыркүйектен бастап №10/9 пойыздың "Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1" бағытындағы қатынасы өзгереді;
  • 5 қыркүйектен бастап құрамында Тальго вагондары бар (стандартты вагондардың орнына) №73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жедел пойызы күнара жиілігімен жүреді;
  • 3 қыркүйектен бастап №69/70 "Алматы-2-Өскемен-1" Тальго коммерциялық пойызы тоқтайды.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан пойыз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір