• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:23:02
Алматы
+35°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Бұл – фейк" дейді КазТАГ ақпарат агенттігінің дереккөзі.

Бұрынғы президенттің інісі мен оның айналасындағы адамдардың рейдерлік шабуылынан зардап шектік деп шағымданушылар жиілеген тұста Болат Назарбаевтың денсаулығы нашар екені, ол қылтанақ ауруына шалдыққаны туралы ақпарат шықты.

Қызы Гүлмира Әбішева  Экспресс-К басылымына берген сұхбатта әкесі сырқаты басталған 2015  жылдан бері бизнеспен айналысуды доғарып, істерін сенімді адамдарына тапсырғанын айтқан. Алайда ел арасында Болат Назарбаев 2015 жылдан бастап шаруаға араласуды тоқтатқанына күмәнмен қарайтындар көп. Сондай-ақ Болат Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат жұртшылыққа оған деген аяушылық сезімін тудыру үшін әдейі шығарылып отыр деп санайтындар, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дейтіндер де аз емес.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір