• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:47:10
Алматы
+35°

Атырауда пара алды деген күдікпен ұсталған облыс әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалды. 

Сот отырысында Бақытгүл Хаменова айыптау актісімен таныспағанын айтты. Алайда сот отырысынан бұрын айыптау актісі Бақытгүл Хаменоваға жеткізілген. Мұның себебін сұраған сот төрағасына Хаменова адвокатынсыз кездесуге шыққысы келмегенін жеткізді. 

Хаменова айыптау актісімен таныспағандықтан, сот отырысы кейінге қалдырылды.

Ал оның жақындары Бақытгүл Хаменова 8 ай бойы ешқандай себепсіз қамалып отырғанына наразы. Ал Хаменованың өзі "Әділдік орнайды" деп сот өз пайдасына шешім шығаратынына сенетінін атап өтті. 

Бақытгүл Хаменова Атырауда Абай ескеркішін орнататын компаниядан 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен өткен жылдың желтоқсанында ұсталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір