03 Тамыз, 2022 NEWS
Фото:exk.kz
Болат Назарбаевтың 36 жастағы әйелі Динара exk.kz сайтына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Болат Назарбаевтың жеке өмірі мен қалай танысқаны туралы сөз қозғады.
Болат Назарбаев пен Динара Қаскелеңдегі тойда танысқан.
"Тойда ән айтатынмын. Қаскелеңдегі бір отырыста жүздестік. Мен басында бұл кісінің кім екенін білген де жоқпын. Сондағы таныстарым Болат Назарбаев тойда отыр дегенде сенген жоқпын. Кейін таныстығымыз махаббатқа ұласты. Ал 2012 жылдан бері азаматтық некедегі әйелімін" деп еске алды Динара.
Динара мен Болат Назарбаевтың қазір 2 баласы бар. Үлкені Еркежан – 4 жаста, кіші ұлы Мұхаммед – 10 айлық. Бұдан бөлек, Динара Болат Назарбаевтың неше баласы бар екенін айтып берді.
"Біздің білетініміз 20-ға жуықтайды. Ол кісі көбін ұмытып та қалған. Мен әрқайсының атын білемін. Бәрін өзіне айтып отырамын. Бәрінің туған күніне дейін жазып алғамыз. Мысалы 2-ші әйелінен Ербол есімді ұлы бар. Сол араласып тұрады" дейді Назарбаевтың әйелі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір