• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:52:26
Алматы
+12°

Қазақстан темір жолы 2022 жылғы 15 қазаннан бастап жалақы төлеудің жаңа жүйесін енгізеді. Бұл өзгеріс бір облыс аумағындағы төмен коэффициент бойынша жалақы алатын 68 мыңға жуық жұмысшыға қатысты болмақ, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания мәліметінше, бұған дейін жалақы төлеу жүйесі тарихи қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделіп келген. Жүйенің олқылығынан бір лауазымдағы қызметкерлер бір облыс ішінде әртүрлі жалақы алып келген. Бұл коэффициенті анағұрлым төмен еңбек ұжымдары тарапынан наразылық тудырған.

1 тамызда Маңғыстау облысы Бейнеу бекетінің қызметкерлері ереуілге шығып, еңбекақыны екі есе арттыруды талап еткен. ҚТЖ қаржы жетпеуіне байланысты теміржолшылардың талабын толығымен орындау мүмкін емес деп отыр.

Ал еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне өту туралы шешім 30 маусымда қабылданған дейді компаниядағылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір