Фото: 24.kz
"Спутник" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен табылған 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылғы балаларының денесінен зорлық-зомбылық ізі табылды. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлім етті.
Қазір қалалық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.
"Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды, бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынуда. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды. Қылмыстық істі тергеуді қала прокуратурасы ерекше бақылауға алды" деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Алматыда Мамыр шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның екі баласының денесі табылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір