• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:33:20
Алматы
+12°

Орал полицейлері кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне байланысты қылмыс болған жерде тергеу шараларын жүргізді, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.

"9 тамызда таңғы сағат 10:00 шамасында тергеушілер Исатай-Махамбет көшесінде орналасқан "Рахат Лукум" дәмханасының аумағына келді. Тергеу алаңы қоршалып, полиция қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Сәлден соң қылмыстың басты күдіктісі 31 жастағы Руслан Қожантаев тергеу орнына жеткізілді. Тергеушілер мен арнайы жасақ Руслан Қожантаевты алдымен дәмханаға, кейін көлік тұрағына апарды. Онда ол қансырап жатқан Еркін Мұханғалиевті қалай пышақтағанын көрсетті. Одан кейін күдіктіні қарулы күзет қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесіндегі үйлердің бойымен алып кетті. Ол қылмыс жасағаннан кейін қалай қашқанын айтып берді. Тергеу кезінде Қожантаев өзін байсалды ұстаған, ақырын сөйлеп, полиция қызметкерлерінің барлық бұйрығын орындаған" делінген ақпаратта.

оир

тгшщ

6 тамызда Оралда кәсіпкер 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті 2 адам пышақтап өлтіріп кеткен. Марқұм қаладағы "Гульчатай" дәмханасы мен "Махаббат" мейрамханасының қожайыны болғаны хабарланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір