• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:54:51
Алматы
+35°

2022-2023 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды. Тізімді ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 80 мыңға жуық талапкер құжат тапсырған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

"Бірнеше жыл қатарынан талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Яғни өтініштердің көбі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" мен "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты бағыттарға берілді. Бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болашақ мұғалімдер, тіс дәрігерлері және инженерлер арасында болды" делінген министрлік ақпаратында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: білім гранттары

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір