• USD 476.89

  • EUR 462.2

  • RUB 8.31

  • CNY 66.64

30 Қыркүйек, 19:51:47
Алматы
+8°

Украинаға қарсы соғысқа барудан бас тартқан сарбаз Луганск облысындағы жертөлеге қамалып,  тәуліктен астам уақыт азапталған, деп жазады The Insider басылымы. 

Аты-жөнін айтудан бас тартқан сарбаз өзінің қандай азап көргенін айтып берген. Оны 27 сағат бойы қорқытып, қоқан-лоқы жасаған. Сондай-ақ оған ас-су бермеген, дәретханаға да жібермеген. Бірнеше рет ұрып-соғып, оны майданға аттануға мәжбүрлейді.

Нәтижесінде, азапталған сарбаз майдан шебіне аттанады. Кейін соғыс кезінде жарақат алғаннан кейін Ресейге қайта оралады. Енді ол азаптау фактілері бойынша тергеу комитетіне арыз жазбақшы. 

Бұған дейін шілде айының соңында соғысудан бас тартқан орыс жауынгерлерін Луганск облысы Брянск қаласының аумағында заңсыз ұстап жатқаны туралы ақпарат тараған. 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір