15 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қызметінен кетті.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды" делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпараттық хабарламада.
Бұған дейін президент Бақыт Сұлтановқа қант тапшылығы, одан туған қымбатшылыққа жол бергені үшін сөгіс жариялаған.
Сауда және интеграция министрлігін уақытша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин басқарады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір