• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:04:53
Алматы
+35°

ШҚО Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында Дарабоз батыр Қабанбай Қожағұлұлының 330 жылдық мерейтойына арналған "Бабалар ерлігі ұлтқа мұра, ұрпаққа үлгі" атты  ғылыми-теориялық конференция өтті.  

Хан батырдың ерлігін ұлықтау шарасына Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, "Кетбұға-Төлегетай"  халықаралық қорының үйлестірушісі Манарбек Мұхамеджанов, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, әскери тарихшы Қайрат Сағатайұлы, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербек, Тарбағатай ауданы әкімі Дархан Жөргекбаев және тарихшы, ғалымдар қатысып, дарабоз Қабанбай батырдың жаугершілік замандағы қаһармандығын, қолбасшылғын баян етті.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

"Қаракерей Қабанбай қатыспаған бірде-бір ірі шайқас болмаған. Қабанбай батыр осындай сұрапыл шайқастарға қатынасып, сол жекпе-жекке 103 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен. Қазақ батырларына бас, ерлік істерге ұйытқы болған ұлы қолбасшы өз кезеңінде атты әскер соғысының мықты стратегі, жекпе-жектің тендесі жоқ шебері болған" деді  әскери тарихшы Қайрат Сағатайұлы.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Қаракерей Қабанбай батыр қазақ жерін жаудан азат етуде алпыс жыл ат үстінен түспей,  жоңғар шапқыншылығы кезінде ерең ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір