28 Тамыз, 2022 NEWS
ШҚО-да сел қаупі кезеңіне дайындық барысы туралы айтылды
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары 23 сел қаупі бар учаскелер бойынша 220 жерүсті тексеру, 9 көшкін қауіпті учаскелер бойынша 54 тексеру жүргізді.
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
ШҚО-ның 6 ауданы – Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Үржар, Риддер қаласында және Алтай ауданында орналасқан 23 өзен бассейнінде сел қаупі бар. Бұл туралы ШҚО ӨКҚ өткен брифингте ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Ерлан Балтабаев пен Қазселден қорғау ШҚ филиалының бас инженері Дидар Мергенов мәлім етті.
Облыс аумағындағы 146 мореналық көл 13 елдімекенге қауіп төндіретін селдің 23 ошағын құрайды.
ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Ерлан Балтабаев селдің жайылуы ұзаққа созылған жауын-шашыннан немесе қатты жер сілкінісінен кейін ғана мүмкін болатынын жеткізді.
«Сел қаупі бар кезеңде қауіпсіздік мақсатында 12 маусымдық гидропост және 1 су маршруты ашылды, "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары 23 сел қаупі бар учаскелер бойынша 220 жерүсті тексеру, 9 көшкін қауіпті учаскелер бойынша 54 тексеру жүргізді. Күн сайын тәулігіне үш рет әрбір гидробекеттен жоғарыда аталған учаскелердегі гидрометеорологиялық жағдай туралы ақпарат беріледі» деді Қазселденқорғау ШҚ филиалының бас инженері Дидар Мергенов.
Ағымдағы жылдың 15-25 тамыз аралығында барлау тобы Белая Уба өзені бассейнінің 3 биік таулы мореналық көлдерінің сел қаупі бар учаскелеріне тексеру және батиметриялық өлшеу жүргізілді. Сел көріністерінің алдын алу мақсатында барлық өндірістік-пайдалану бөлімдері мен топтарында авариялық бригадалар құрылып, бекіту құралдары дайындалды.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы сел және көшкін жағдайы тұрақты, барлық сел қаупі бар учаскелер "Қазселденқорғау"филиалы қызметкерлерінің бақылауында деп атап өтті брифингте.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір