• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:03:02
Алматы
+12°

Бір апта бойы Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарында мәдени, спорттық, іс-шаралары өтуде. Сондай-ақ өңірде бірқатар нысандарды ашу жоспарланған.

Конституция күні қарсаңында Ұлан ауданы Мамай Батыр ауылында көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.

"Құрметті жерлестер, Конституция күні қалыптасқан дәстүр бойынша, біз көп балалы аналарға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстадық. Екі пәтерлі үйлер "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша салынды. Мұндай тұрғын үй Қасым Қайсенов кентінде де. салынуда және Сағыр, Таврия ауылдарында тұрғын үйлер пайдалануға берілмек" деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрманбаев.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Айта кетейік, 80 шаршы метрлік Кірпіш үйлерді "ЖармаҚұрылысГаз" компаниясы салды, оларға орталық сумен жабдықтау жүргізілді. Сонымен қатар, облыс орталығында "Асыл бала" балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Білім беру мекемесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында іске қосылды. Сыйымдылығы - 90 балаға арналған.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Ал қала мен облыстың бірқатар аудандарында өскелең ұрпақтың бос уақытын пайдалы және дұрыс ұйымдастыру үшін балалардың аула алаңдары мен спорт нысандары пайдалануға берілді. Өскемендегі Протозанов көшесінің тұрғындары да Конституция күнін тағатсыздана күтті.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Бүгін мұнда емхана ашылды. Бұрынғы балалар тамақтану комбинаты күрделі жөндеуден кейін және мақсаты өзгергеннен кейін денсаулық сақтау объектісіне айналды. Айта кету керек, 30 тамызда Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудан орталықтар Ата заңы күніне арналған концерттер, жәрмеңкелер мен көрмелер өтуде.

Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Бүгін Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарын мазмұнды кешкі бағдарлама тосып тұр. Өйткені Конституция күні мен облыс орталығының 302 жылдығы қатар келіп отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шқо конституция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір