• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:40:21
Алматы
+35°

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов алдағы президент сайлауы туралы пікір білдірді.

– Биылғы президент сайлауы 7 жылдық мерзіммен өтуі керек деп есептеймін. Бұл – менің жеке пікірім. Оны әріптестерім де қолдап отыр, – деді палата спикері.

Ерлан Қошановтың айтуыншапрезиденттік басқару формасындағы Қазақстан үшін президенттің қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық мерзімге сайлануы – өте қажетті әрі маңызды норма. Ол ел дамуының либералдық бағытын күшейтеді және президент реформаларына толық сәйкес келіп отыр. Бұл  –суперпрезиденттік басқару формасынан түбегейлі арылуға мүмкіндік береді.

Ерлан Қошанов биліктің жиі ауысуын қамтамасыз ететін норма оның монополиялануына жол бермейді, 7 жыл қолға алған реформаларды іске асыру үшін жеткілікті уақыт деп есептейді.

Сонымен бірге палата спикері егер президент қазір 5 жылға сайланса, содан кейін конституцияға 7 жылдық президенттік мерзім туралы түзетулер енгізілсе, онда сайланған президентке тағы да 7 жылдық мерзімге қайта бару үшін құқықтық мүмкіндік пайда болуы мүмкін екенін айтты.

Сондықтан осы құқықтық қайшылықты жою үшін депутаттар конституцияға қазірден бастап өзгерістер енгізуді және алдағы сайлауды қайта сайлану құқығынсыз 7 жыл мерзіммен өткізуді ұсынып отыр, – деді Е.Қошанов.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Президент сайлауы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір