• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:07:38
+12°

Бір жылда қолданыстағы пәтер бағасы 25,8 пайызға, жаңа тұрғын үйлер құны 18,1 пайызға өскен. Тұрғын үйді жалға алу бір жылда 31,8 пайызға артқан. Бұл туралы статистика бюросы хабарлап отыр.

Бюро мәліметінше, жаңа үйлер қымбатшылығы әсіресе Ақтөбе қаласында (32,5%), Нұр-Сұлтанда (27,6%), Қостанайда (26,3%) байқалған.

Қолданыстағы баспана саудасында баға Қызылорда (48,4%), Нұр-Сұлтан (40,8%), Өскемен (39,9%), Талдықорған (36,5%) қалаларында аспандап тұр.

Тұрғын үйді жалға алу жөнінен ең қымбат қала – Алматы. Оңтүстік астанада бір жылда пәтерді жалға алу құны 62,5% пайызға көтерілген.

Тамыз айында екінші нарықтағы баспана бағасы 0,4 пайызға қымбаттаса, жаңа нарықтағы үй бағасы 0,1 пайызға арзандаған.

Ал жалға алу бір айда күрт өсіп, 12,4 пайызға қымбаттаған.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: пәтер жалдау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір