• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:36:37
Алматы
+12°

Күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауына шамамен 20 млрд теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы мәжілістегі БАҚ өкілдеріне арналған алаңда Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева хабарлады. 

Вице-министр о баста сайлау өткізу 2024 жылға жоспарланғандықтан, боюджет те сол жылға жоспарланғанын айтты. 

"Енгізілген өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл президент сайлауына үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Қазір ОСК 20 миллиард теңгеге жуық қаражат кететінін есептеп отыр", - деді Татьяна Савельева. 

Қаржы вице-министрі парламент сайлауы үшін 25 млрд теңге қаражат жұмсалуы мүмкін екенін айтты. 

Оның айтуынша, шығынның 90 пайызға жуығы комиссия мүшелерінің жалақысына кетеді. 

"Өткен сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл олардың саны 70 мыңнан асады. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны есепке ала отырып есептеліп отыр. Олардың жалақысын есептеу ең төменгі жалақыға негізделеді. 2019 жылы сайлау өткізгенде 42 500 болса, биыл 60 000 теңге болды. Парламент сайлауына да шамамен осыншама шығын қарастырылған. бірақ келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатынын ескерсек, бұл шамамен 25 миллиард теңгені құрайды", - деді вице-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір