• USD 476.89

  • EUR 462.2

  • RUB 8.31

  • CNY 66.64

30 Қыркүйек, 19:18:20
Алматы
+9°

Украина президенті Владимир Зеленский қазіргі уақытта Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу мүмкін емес екенін жеткізді. Бұл туралы CNN. телеарнасы хабарлады.

"Дәл қазір келіссөз жүргізу мүмкін емес. Ресей тарапынан келіссөз жүргізуге деген ұмтылыс көріп тұрғаным жоқ. Маған кім ультиматум қоятыны маңызды емес. Менің бір ғана қағидам бар: мен ультиматум қойғандармен сөйлеспеймін", деді Зеленский. 

Украина президенті Ресей басып алған жерлерді азат еткенде ғана келіссөз жүргізетінін қоса кетті.

"Қандай жағдай болмасын Украина мен Ресей шекаралас, көрші елдер. Соғыс аяқталғаннан кейін де біз Ресеймен көрші болып қала береміз" деді Зеленский.

Соңғы уақытта Украина күштері Ресей әскерін шегіндіріп жатыр. Украина қару күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный қыркүйектің басынан бері Украинаның 3 мың шаршы метрден астам жері азат етілгенін мәлім етті. Харьков ауданында кейінгі күндері Байрак, Новая Гусаровка, Щуровка және Ольховатка елдімекендері орыс әскерінен тазартылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір