12 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Бірнеше жолаушы Алматы әуежайы мен Скат компаниясының қызметкерлері мемлекеттік тілдегі өтінішіне жауап бере алмай, тұтынушы ретіндегі құқын аяқасты еткеніне шағымданды. Оқиға орында түсірілген видеоны журналист Ришат Асқарбекұлы жариялады.
Журналист видеоны Еркін Ербөлек есімді азамат жекесіне жолдағанын айтады.
Жолаушының сөзінше, Алматыдан Атырауға ұшатын Скат әуекомпаниясының DV-769 рейсі бес жарым сағатқа кешіккен. Соған байланысты компанияның Афанасенко Валерия, Зазулина Олеся есімді қызметкерлеріне жүгінгенінде ешқайсысы қазақша білмейтін болып шығады.
Наразы жолаушылар әуежайдың жауапты қызметкері – ауысым басшысы Николай Булековты шақырса, ол да қазақша мүлдем түсінбейтін болып шығады. Оның үстіне, барлық бейджиктері орыс тілінде жазылған.
"Әуежай кезекшілік бастығы оның үстіне қазақ-орыс тілінде тілмаш деп бір қазақ жігітті шақырып, әбден ұятқа қалды. Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлеген тұтынушыға қандай тілмаш керек? Еліміздің бетке ұстар Алматы әуежайы әкімшілігіне және Скат авиакомпаниясының әкімішілігіне бір топ жолаушы өте наразы болды. Бұл қызметкерлер тұтынушылардың құқықтарын сақтамай отырып әрі мемлекеттік тілге құрметсіздік көрсеткен үшін орнын босату керек. Одан әрі бұл жағдай қайтанбалас деп ойлаймыз" дейді нараы азамат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір