7 қыркүйекте Санкт-Петербургке қарасты Смольнинское муниципалдық округінің депутаттар кеңесі Путинді мемлекетке опасыздық жасады деп тауып, қызметінен шеттетуге шақырған.
Ал 12 қыркүйек күні Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Колпино қаласының 18 муниципалдық депутаты Путиннің әрекеті Ресей болашағы мен азаматтарына зиянын тигізетіңнін айтып, оның отставкасын талап еткен.
Алайда қалалық деңгейдегі депутаттардың үндеуіне мемлекеттік дума еш реакция танытқан жоқ, керісінше, бастамашыл депутаттарды полиция біртіндеп шақырып жатыр.
Пікір қалдыру