• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:28:10
Алматы
+35°
Кеңес және Ресей эстрадасындағы белгілі әртіс Алла Пугачева Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық айыптап, сол үшін Ресейде шетел агенті тізіміне енгізілген күйеуі, пародист, тележүргізуші Максим Галкинді қолдайтынын, онымен пікірлес екенін мәлім етті.
 
 
"Ресей Федарациясы Әділет министрлігіне үндеу. Мені сүйікті елімдегі шетел агенті қатарына қосуды сұраймын, өйткені мен адал, шыншыл, Ресейдің нағыз және сатылмайтын патриоты, отанымыздың өркендеуін қалайтын, бейбіт өмірді, сөз бостандығын, елімізді оқшаулап азаматтар өмірін ауырлатанын иллюзиялық мақсаттар үшін балаларымыздың өлгені тоқтағанын тілейтін күйеуіммен бір пікірдемін" деп жазды әртіс.
 

Алла Пугачеваның 20 сағат бұрын жариялаған жазбасы осы сәтте 630 мыңнан астам лайк, 84 мыңға жуық пікір жинаған. пікір жазушылардың басып көпшілігі оны қолдап жатыр.

Әртістің жазбасында "Украина" туралы бірде-бір сөз жоқ. Алайда жұртшылық жазбаны Ресей билігінің басқыншылығын айыптау деп қабылдап, оның әрекетін жоғары бағалап жатыр.

Максим Галкин Ресейдің Украинаға басқыншылығын батыл әрі ашық айыптаушылардың бірі. Ол ақпан айынан бері Израильде жүр, концерттерінде соғысқа деген сыни көзқарасын жасырған емес. Галкин соғысты айыптаған алғашқы күндерде-ақ онымен жасалған Ресей телевидениесіндегі және жарнамалық келісімдер бұзылған. 16 қыркүйекте Ресейдегі "шетел агенті" реестріне енген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір