• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 14:55:33
Алматы
+8°
 

 

Украинаға қарасты Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай Донбасстағы сепаратистік Донецк және Луганск Халық Республикалары Украина жау күшін шегіндіріп жатқанынан үрейленіп Ресейден Киевтің басып алынған жерлерін аннекциялауды сұрап отыр деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – Кремль үшін жаппай мобилизация мен соғыстың жаңа қарқынын бастауға сылтау болмақ.

 

 

ВВС дерегінше ДХР басшысы Денис Пушилин ЛХР басшысы Леонид Пасечникке халықаралық қауымдастық тәуелсіздігін мойындамаған қос сепаратистік елді Ресейге қосу бойынша бірлескен "референдум" өткізуді ұсынған.

 

 

Пушилин Пасечникпен телефон арқылы сөйлескені жарияланған видеожазбада "референдумға" дайындық барысы сөз болған.

Қос елдің билігі "референдумға" аса асығып жатқанымен, оның өткізілетін күні әзірге хабарланбады.

Украинаға қарасты Луганск облысының басшысы Сергей Гайдай болса, Украина қарулы күштері оларды тұйыққа тірегендіктен, оккупанттар "таңдаусыз сайлау" туралы айта бастады деп отыр.

 

 

 

"Оккупанттар "фейк "референдум" өткізіп, оның нәтижесі бойынша бәрі Ресей құрамына кіруі керек болады. Ол кезде Украинаның азат ету әрекеттері Кремль тұрғысынан "Мәскеуге тікелей шабуылдак" деп бағаланады да жаппай мобилицация жасап, соғыс жариялауы мүмкін" дейді Гайдар.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Михаил Подоляк "жаһандық консенсус пен халықаралық құқыққа сай, Донецк, Луганск, Қырым Украинаға тиесілі екені, мұны жоққа шығару ештеңені өзгертпейді "деп атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғысъ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір