• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:26:22
Алматы
+35°
Журналист, құқыққорғаушы Сергей Дуванов биыл сенат 17 ақпанда Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери серіктестік туралы келісім-шартты ратификациялағанын, оның аясында Қазақстан Ресейге шабуыл жасалса, әскер жіберуге міндетті екенін мәлім етті.
 
Дуванов ратификацияның ресми нұсқасында келісім бірлескен жоспарлау, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, аймақтық қауіпсіздікке төнер қатерлерге қарсы бірлескен күрес кезінде әскери серіктестікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтады.
 
"Осылайша, Қазақстан ҰҚШҰ-дан бөлек, осы келісім-шарт бойынша да Ресейге шабуыл жасалса, әскер жіберуге міндетті болады" деген ол алда болатын жағдайлар соған алып келуі мүмкін екенін қаперге салды.
 
"23-27 қыркүйекте Ресей басып алған облыстарда референдум (Донбасстағы сепаратистік Луганск және Донецк республикалары Ресейге қосылу туралы референдум - ред) өтеді. Тұрғындар өздеріне автомат кезеніп тұрғандықтан, референдумға "дауыс береді". Одан кейін келесі күні-ақ украин жерлері Қырым секілді Ресей құрамына еніп кетеді. Алайда украин күштерінің өз жерін жаудан азат ету күресі жалғаса береді. Ал бұны Кремль Украина Ресейге шабуылдап отыр деп бағалайды. Осы жағдайда Ресейге көмек ретінде Қазақстан міндеттемесін орындай ма? Бұл өте күрделі мәселе. Қазақстан билігі бұған толыққанды жауап беруге тиіс" дейді Сергей Дуванов.
 
Егер жағдай осы сценарий бойынша өрбитін болса, Қазақстан не келісім-шарт міндеттемесін орындайды, не келісім-шартты бұзады, не Донбассты Ресей жері деп танымайды. Не де болса, биліктің алдында қиын таңдау тұр.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір