• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:25:28
Алматы
+35°

Ресейдің 28 қаласында ішінара мобилизацияға қарсы наразылыққа шыққан 1400 адам ұсталды, деп хабарлады "ОВД-Инфо" порталы.

Ұсталғандардың көпшілігі Санкт-Петербургте (565 адам), Мәскеуде (536 адам) және Екатеринбургте (48 адам). Полиция бөлімдерінде ұсталғандардың кейбіріне Ресей армиясының беделін түсіру бабы бойынша хаттамалар жасалған.

Мәскеудегі наразылыққа шыққандардың көбі әйелдер. Олар "Балаларымыз өмір сүрсін!", "Соғысқа жол жоқ" деп ұрандатты. 

Санкт-Петербургте Исаак соборының алдына да әйелдер көп жиналды. Оларды полиция қоршап, тұтқындау кезінде демонстранттарды резеңке таяқтармен ұрып-соққан. 

Ресейдің Ішкі істер басқармасы елде рұқсат етілмеген митинг өткенін хабарлады. Алайда ұсталғандардың нақты санын жарияламады. 

Сәрсенбі күні Путин ішінара мобилизациялау (мемлекеттік қарулы күштерді бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір