• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 08:46:46
Алматы
+12°

Мәскеу қаласында ішінара мобилизация, мен қарсы өткен митинг кезінде ұсталғандардың кейбіріне полиция әскери комиссариатқа шақыру қағазын тапсырған. Бұл туралы қамауға алынған белсенділер хабарлады деп жазады "ОВД-Инфо" порталы.

"Яблоко" партиясының мүшесі Кирилл Гончаров Telegram каналына митинг кезінде ұсталған белсендіге берілген әскери комиссариатқа шақыру қағазының фотосын жариялады.

енв 

Полиция қызметкерлері белсенділерді қағазына қол қоюға мәжбүрлеген. Олардың айтуынша, кез келген РФ азаматы әскери комиссариатқа баруға міндетті. Құқық қорғаушылар тіпті шақыру қағазына қол қоймаған азаматтардың үстінен қылмыс іс қозғаймыз деп қорқытқан. 

Кеше түнде Ресейдің 38 қаласында ішінара мобилизация мен соғысқа қарсы митинг өтіп, 1400 адам ұсталған. Ұсталғандардың басым бөлігі Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласынан.

Мәскеу прокуратурасы митинг ұйымдастырушылары мен қатысушыларының үстінен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалатынын, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылатынын хабарлады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір