• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:44:46
Алматы
+35°
Бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Прокурор айыпталушыны 6 жылға қамауды сұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
 
Прокурор Жангелді Есебаев Сатыбалдыны ұлттық қауіпсіздік органдарының "генерал-майор" шенінен, "Құрмет" пен "Парасат" ордендерінен айыру қажет деп санайды. Судья прокурордың өтінішін қанағаттандырса, Қайрат Сатыбалдыға белгілі бір лауазымдарды 10 жыл атқаруға да тыйым салынады.
 
Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының "Көлік қызметі орталығы" компаниясына 28 млрд теңгені, "Қазақтелеком" компаниясына 12 млрд теңгені өтеп бергені туралы айтылды. Сондай-ақ, айыпталушы медиативті келісім жасаған. Алайда көлік қызметі орталығы өз келісімін кері қайтарған болатын. Бүгін компания жаңа медиативті келісімін ұсынды.
 
Айыпталушы Қайрат Сатыбалды өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталып отыр. Ертең, 23 қыркүйекте сот шешімі шығады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір