• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:54:13
Алматы
+12°
23 қыркүйекте Алматы халықаралық әуежайына "Россия" әуе компаниясының Мәскеуден ұшқан рейсі қонған сәтте алматылық студенттер Қарагөз Қасым мен Айсұлтан Құдайберген пикет өткізді. Олардың плакаттарында "Отқа айдағанын енді ұқтыңдар ма?" ("Че, поняли что вы мясо?"), "Сыйламасаң, кете бер" («Уважай или уезжай") деген мәндегі жазу бар, деп жазады Азаттық радиосы.

Басылым мәліметінше, пикет басталған соң көп өтпей оларды әуежайдың полиция қызметкерлері кезекші бөлімге алып кеткен. "Менің негізгі мақсатым – украин халқын қолдау" деген Қарагөз Қасым полиция бөлімінде отырып.

– Ресей азаматтарының қазір Қазақстанға келуіне қарсымын. Бұл тек менің ғана ойым емес. Осы әрекет арқылы қоғамда болып жатқан резонансты көрсеттім. Ертең олардың сепаратистік қозғалыстарды қорғап, елімізге қауіп төнген кезде пышақ сұқпасына ешкім кепіл емес, – дейді ол.

Екі азамат полиция бөлімінде жарты сағаттай отырған соң босаған.

– Бұл кісілермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Басқа ештеңе емес. Не мақсатпен келгенін сұрадық. Ауызша түрде ескерту жасалды, – деген полиция өкілі Ернар Тасқын Азаттық тілшісіне.

Алайда Қарагөз Қасым Азаттық журналисіне полиция "ұсақ бұзақылық" бабымен немесе рұқсат етілмеген пикет өткіздіңдер деген айыппен жазаға тартамыз дегенін жеткізген. Журналистер келген соң ол туралы әңгіме қайта қозғалмады дейді.

"Ол пикет кезінде жолаушылардың реакциясы әртүрлі болғанын айтады. "Кейбірі қарсы пікір білдірді, бірақ көпшілігі қолдады. Адекват адамдар басым екен" дейді" деп жазды Азаттық радиосы.

21 қыркүйекте Ресей прузиденті Владимир Путин ішінара мобилизация туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін, Украинамен соғысқа барғысы келмейтін Ресей азаматтары көршілес елдерге ағыла бастады. Ресей-Қазақстан шекарасында ұзын-сонар кезек орнап, таяу күндердің әуе билеттері жылдам сатылып кетті. Қалған биліеттердің бағасы аспандап тұр. Қазақстандықтар елге ағылым жатқан ресейліктермен көптеген мәселе де ілісе келетінінен айтып, алаңдаушылығын білдіріп жатыр. Шекараны жабу керек дейтіндер де аз емес.

Билік ресейліктердің үдере келуіне тосқауыл қойылмайтынын, бірақ заң шеңберінде қабыланатынын хабарлады. Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметінің мәліметінше, биыл елге 1 660 000 Ресей Федерациясының азаматы келгенін, оның 1 640 000 кеткенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір