• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 04:25:22
Алматы
+12°
Ресей әскері басып алған Украинаның Донецк, Запорож, Луганск және Херсонск облыстарында Ресейге қосылу бойынша бес күндік "референдум" басталды. ВВС Батыс ешқашан заңды деп мойындамайтын процедура Украина тұрмақ Ресей заңына қайшы өтіп жатқанына назар аударды.
 
Референдумның алғашқы 4 күнінде тұрғындарды әлеуметтік қызметкерлер аралайды немесе азаматтар үйлерге қарасты аумақтарда дауыс бере алады. Тек бесінші яғни 27 қыркүйек күні сайлау учаскелері ашылады. Ресейліктер бұл шешімді тұрғындар қауіпсіздігі үшін деп түсіндіреді.

Ресей заңы бойынша референдумға бастамашыл болып, ұйымдастырып, өткізу кемі төрт айды қамтуы керек. Украин заңы бойынша ел аумағына өзгеріс жалпыукраиндық референдумда ғана қарала алады.

Өзін тәуелсіз деп жариялаған ДХР мен ЛХР тұрғындарына "Ресей Федерациясының қатарына қосылуды қалайсыз ба" деген мазмұндағы бір ғана сауал қойылады. Ал басып алынған Запорож бен Херсон облыстары азаматарына үш сауал қойлады. Олар Украина құрамынан шығу, жеке мемлекет ретінде облыс болып құрылу және Ресей Федерациясының құрамына қосылу туралы болмақ.

Батыс сарапшылары Кремль референдум арқылы жоғарыда аталған аймақтарды өзіне қосып алғаннан кейін, Украинаның азат ету күресін өзіне жасалған агрессия ретінде бағалап, жалпыхалықтық мобилицация жариялауы мүмкін екенін айтады. Сарапшылар тіпті ядролық қару қолдану қатері арта түсуі мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір