• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:24:02
Алматы
+35°

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған Ресей азаматтары ұсталды, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

"2022 жылғы 25 қыркүйекте Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты "Тобыл" бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін айналып өтіп, шекара бұзбақшы болған Ресей Федерациясының үш азаматын ұстады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

рол

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді.

"Ұсталғандарға қатысты одан әрі жауап алу іс-шаралары жүргізілуде, оның нәтижесінде аталған адамдар ресейлік тарапқа беріледі. Қазақстанның шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында шекара күзеті мен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін еске саламыз", - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шекара Ресей соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір