• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:31:04
Алматы
+12°

Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

 
Алматы қаласы ҚХА мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесінің отырысына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің Ашық есік күні» республикалық акциясын өткізуге қатысты, деп хабарлады Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі.
 
Медиация институтын дамыту бүгінде қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтарының бірі. Кез келген жанжалды шешу барысында азаматтардың ымыраға келуге дайындығы азаматтық кемелдену мен жауапкершіліктің көрсеткіші болып табылады, қоғамның құқықтық мәдениетінің даму деңгейін арттырады, Қазақстанның бүкіл әлеуметтік құрылымының қоғамдық тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етеді.
 
«Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында ҚХА Қоғамдық құрылымдарын, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етумен байланысты мүдделі уәкілетті тұлғаларды тараптардың жанжал деңгейін төмендету мәселесі бойынша шоғырландыру мақсатында өткізіледі.
 
Осыған байланысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиацияны дамытуға қатысуы туралы тапсырмасы Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі жаңа қадам болып табылады.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңға сәйкес ҚХА қызметінің негізгі бағыттарының бірі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға жәрдемдесу.
 
2022 жылғы 5 тамызда Алматы қаласының Достық үйінде ZOOM платформасында ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілхановтың қатысуымен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кеңесінің отырысы өтті. ZOOM платформасына «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйлері, сондай-ақ қоғамдық даму басқармасы қосылды. Іс-шара еліміздің кәсіби және қоғамдық медиаторларының қатысуымен өтті.
 
ҚХА медиация кеңесінің отырысы аясында Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен ұсыныстар түсті:
 
1. Әлеуметтік желілерде этносаралық бояумен конфликттік сутуациялар үшін этномедиация тетіктерін көздеу (Лукашев Всеволод Анатольевич – Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары, қоғамдық медиатор, Медиация кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Алматы қ. филиалының төрағасы);
 
2. Тұрақты негізде өңірлерге этносаралық түске қатысты жанжалды жағдайлар бойынша статистикалық деректерді, сондай – ақ талдау, оң және теріс тәжірибесі бар мысалдар, этносаралық сала бойынша жанжалды жағдайларды реттеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар жіберу (Асиев Шахисмаил Ахметович-қоғамдық медиатор, Алматы қ. Медиация кеңесінің мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары).
 
Республикалық отырыс аяқталғаннан кейін Алматы қаласы Достық үйінің конференц-залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің Ашық есік күні» республикалық акциясы аясында» этносаралық даулар мен жанжалдарды шешуде медиацияны қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 
Дөңгелек үстел кәсіби және қоғамдық медиаторлардың, сондай-ақ Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары: аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА кафедрасы, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің, ҚХА еріктілері, БАҚ (Алматы телеарнасы) қатысуымен өтті. Іс-шараны өткізу барысында этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Балғымбаев Назар Албанұлы-Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы ҚХА хатшылығы сөз сөйледі; Лукашев Всеволод Анатольевич – Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары, қоғамдық медиатор, Медиация кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қ. филиалының төрағасы; Мамсуров Казбек Владимирович – қоғамдық медиатор, Медиация кеңесінің мүшесі, «Ирныхас» осетин мәдени ағарту орталығы» ҚБ төрағасы; Асиев Шахисмаил Ахметович-қоғамдық медиатор, Алматы қаласы Медиация кеңесінің мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.
 
«Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің Ашық есік күні» республикалық акциясы аясында қалалық Достық үйінде қоғамдық медиатор Асиев Ш. А., Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Rahym «Әлеуметтік үйі» ҚҚ басшысы Б. Шералиева және кәсіби медиаторлар К. Өтегенова, г. Кабушева азаматтарды тұрмыстық, қаржылық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес берумен қабылдады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір