Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Ильдаш" татар мәдени орталығының төрайымы Ниязова Нурия Исмагиловна Алматы қаласы білім басқармасының "Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы" КММ-нің балаларына Медеу-Шымбұлақ экскурсиясын өткізді. Оған 20-ға жуық тәрбиеленуші қатысты, деп хабарлады Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі.
Бұл іс-шараның басты мақсаты - балаларға сүйікті қаласының басты көрікті жерлерінің бірін көрсету, сондай-ақ оның тарихымен таныстыру. Кездесу өте қызықты және танымды болды.
Балалар үшін арнайы бағдарлама дайындалды. "Шымбұлақ" базалық станциясы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, "Dadli" мейрамханасында түскі ас берілді. сондай-ақ "Өзіңіз және табиғат үшін тауға қалай қауіпсіз баруға болады" тақырыбында дәріс оқылды.
Іс-шараны ұйымдастырушы Ниязова Нурия Исмагиловна "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының әкімшілігіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, осындай кездесулер мен балалардың қаланың көрікті жерлерімен танысуы олардың бойында патриоттық сезімді, өз өлкесіне деген мақтаныш сезімін дамытуға көмектесетінін атап өтті. Бәлкім, бұл болашақ мамандыққа таңдау жасауға септігін тигізе ме, кім білсін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір