• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:59:16
Алматы
+35°

Ертең Алматыда түскі сағат 12:55 кезінде дабыл белгісі іске қосылады.

"29 қыркүйек сағат 12.55-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қоғамдық ескерту жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеруден өткізеді. Жаттығу кезінде "Назар аударыңыздар!" хабарламасымен бірге электронды дабыл іске қосылады. Оған қоса, телерадиоарна жұмысы автоматты түрде тоқтатылып, дабыл хабарламасы таратылады", - делінген хабарламада.

Ведомство Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

"Бүкіл ересек адамдар өздері үрейге берілмей, балаларға сиренаның дыбысы – "Баршаның назарына!" дабылы екенін түсіндіру қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз, олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз" делінген хабарламада.

Егер дабыл кезінде сіз үйде болсаңыз, онда:

- радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;

- төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз, онда:

- көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір