30 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: Руслан Бисеновтың телеграм каналынан
Ресей Қазақстанмен шектесетін Астрахань облысындағы "Қараөзек" пунктіне мобильдік шақыру пунктін орналастырды. Бұл туралы Краснояр ауданының басшысы Руслан Бисенов телеграм-каналында мәлім етті.
"Краснояр және Володар ауданы әскери комиссариатының қызметкерлері әскерге алынуға тиіс азаматтарға шақыру (мобилизацияға шақыру) беріп бастады. Құжатты алғандар РФ Президентінің "Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жариялау туралы" қаулысына сай елден шығарылмайды. Бұл тек Краснояр мен Володар ауданы тұрғындарына ғана емес, әскери есепте тұрған барлық ресейліктерге қатысты" делінген Руслан Бисеновтың жазбасында.
Астрахань – Ресейдегі этникалық қазақтар шоғырланған облыстың бірі. Ресейдегі 2010 жылғы халық санағының мәліметіне сай, Астрахань облысында 150 мыңға жуық қазақ тұрады.
Ішінара мобилизация жарияланғалы Ресейдің көрші елдермен шектесетін шекараларының барлығында елден шыққысы келгендердің бірнеше шақырымға созылған кептелісі әлі сейілген жоқ. Кремль азаматтардың шетел асуын тоқтату үшін түрлі шара қабылдап жатыр.
Мәселен, Финляндиямен шекарадағы "Торфяновка" бекетінде шақыру пункті ашылған. Грузиямен шекардағы "Верхний Ларс" бекетінде азаматтар шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан жағдайға деп оқ өткізбейтін әскери техника қойылған. Солтүстік Осетяда тіпті елден шығуға шектеп қойылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір