Фото: Ашық дереккөз
Жүргізілген талдауды ескере отырып және отбасы институтын сақтау және ынталандыру мақсатында "Бақытты отбасы" бағдарламасының қатысушыларынан толық емес отбасы санаты алынып тасталып, жетім балалар, 1 және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар санаты енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол хабарлады.
Оның мәліметінше, жүргізілген мониторинг "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап әкімдіктерде толық емес отбасы санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға артқан. Бұл – басқа кезекте тұрғандардың тең емес жағдайын тудырған.
– "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініштердің 50%-дан астамы осы санаттан келіп түсті, оның 35%-ы жеңілдетілген қарыз алды. Сондай-ақ статистика деректері бойынша 2019 жылы ажырасулардың ең көп саны тіркелген – 59 796. Бұл – 2009 жылғы көрсеткіштен 9,1%-ға жоғары және 2020 жылғы ажырасулардан 20% төмен. Бұл ретте 25-39 жас аралығындағы топтар 59% артты, – дейді спикер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір