• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 09:36:16
Алматы
+12°

2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ішкі істер министрлігінің 199 қызметкері қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Олардың 149-ы ауыр , 22 қызметкер аса ауыр емес, 25 қызметкер орташа ауыр, 1 қызметкер аса ауыр қылмыс жасаған. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады.

Тәртіп бұзушылардың басым бөлігі Алматы қаласында (25 адам) тұрады. Одан кейін Ақтөбе (19 адам), Алматы (17 адам) және Солтүстік Қазақстан (17 адам) облыстары.

ІІМ қызметкерлері арасында құқық бұзушылық аз жасалған аймақ – Шығыс Қазақстан облысы. Ол жерде 1 жағдай тіркелген. Былтыр 17 қызметкер жауапкқа тартылған.

ІІМ қызметкерлері арасында құқық бұзушылардың жартысы, яғни 100-і сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған. Көрсеткіш былтырғыдан 2%-ға аз. Бұл саладағы ең көп таралған құқық бұзушылықта – пара алу, салғырттық және билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану.

Меншікке қатысты құқық бұзушылық бір жыл бұрынғығы қарағанда 55-тен 50-ге дейін кеміген. Бұл жерде ең көп құқық бұзушылықтардың қатарында алаяқтық, ұрлық және бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру бар.

Қаңтар-тамыз аралығында полиция 12 адамды азаптаған. Алайда порталы бұл бағыттағы ресми статистикаға күмәнмен қарайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құқықбұзугылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір