• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 06:04:52
Алматы
+12°

Қоғам белсендісі, саясаткер Мұхтар Тайжан оппозиция атынан президенттікке кандидат ұсынылмауына оппозиция емес, азаматтық қоғамға заңдық кедергілермен барынша бөгет болатын авторитар жүйе кінәлі деген пікірде.

"Оппозиция бірыңғай үміткерді ұсынуға жарамады деп жатқандарға жауап" деген атпен Facebook-тегі парақшасынажазба жариялаған ол қоғам сұрақты билікке қоюы керек деп санайды.

 
"Инга Иманбай мен Жасарал Қуанышалин Сіздер үшін оппозициялық саясаткерлер емес пе? Олар өз кандидатураларын ұсынды, билік оларды тіркеді ме? Жоқ. Бізде президенттік сайлауына қатысу үшін адам міндетті түрде мемлекеттік қызметте кемі 5 жыл жұмыс атқару керек! Оған қоса өз өзін ұсына алмайды, тек қана кемі 9 филиалы бар Республикалық қоғам ұйымы ғана ұсына алады. Оппозициялық саясаткерді ұсынуға бұндай ұйымды көріп отырсыздар ма? Мысалы, Жасарал Қуанышалин таба алмады. Барлығы қорқып бастарын тартты. Ал, ұсынды дейік, кейін 10 күн ішінде 120 мың адамның қолын жинау керексің, бір қаланың ішінде емес, Қазақстанның 2/3 региондарда. Ол мүмкін бе? Жоқ әлбетте. Қазақ тілінен комиссиясын айтпай-ақ қояйын: оны Ғани Қасымов өтеді, ал Уәлихан Қайсаров өтпейді. Бұл шарттар Конституцияға сай емес, басқа елдерде бірде бір күн мем қызметте істемеген Зеленский мен Трамп сайлауға қатыса алады, ал бізде тек қана шенеуніктерге жол бар. Сол үшін бұл жерде оппозицияға емес, билікке айып айтыңыздар" дейді саясаткер.
 
 
Мұхтар Тайжан елде оппозициялық партия жоқ екенін, оның жоқ болуына да билік кінәлі екенін айтады.
 
"Соңғы 15 жылда бірде бір партия тіркелген жоқ. Бұл түрімен тіркелмейді де. Сол үшін бұл жерде азаматтық қоғамда еш кінәсі жоқ, бар кінә – авторитарлық жүйеде ғана" дейді ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір