• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:43:39
Алматы
+12°

Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Дархан Қыдырәлі тағы төрт жаңа қызметке тағайындалды. Бұл жөнінде үкімет қаулысына сүйенген ҚазТАГ агенттігі жазды.

"Дархан Қыдырәлі "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы" АҚ коммерциялық емес ұйымының директорлар кеңесінің, "Қоғамдық даму жөніндегі қазақстандық институт" директорлар кеңесінің,  "Қазмедиа орталығы" компаниясының бақылаушылар кеңесінің, мемлекеттік "Егемен Қазақстан" республикалық басылымының бақылаушылар кеңесінің құрамына енді" делінген үкімет қаулысында. 

Үкімет қаулысында сонымен қатар министрді аталған ұйымдар директорлар кеңесінің құрамына енгізу қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс және жекешелендіру комитеті тарапыннан жүзеге асырылатыны жазылған.

Дархан Қыдырәлі қыркүйекте Ақорда жарлығына сәйкес, ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір