17 Қазан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазгидромет 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын хабарлап, алты облыста дауылды ескерту жарияланғанын мәлім етті.
Синоптиктердің сөзінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсуі мүмкін. Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облысында тұман түсіп, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ауа температурасы:
– батыста, солтүстік-батыста түнде +3-тен +8-ге дейін, күндіз +10-нан +20-ға дейін;
– солтүстікте түнде +2-ден +7 градусқа дейін, күндіз +7-ден +12-ге дейін;
– елдің орталығында 3-8 градус аралығында жылы, күндіз 5-19 градус жылы;
– шығыста түнде 5 градусқа дейін салқындауы мүмкін, күндіз негізгі фон 5-13 градус жылы болады;
– оңтүстікте түнде 2-7 нөлден жоғары, күндіз 10-20 жылы;
– оңтүстік-шығыста түнде -5 градус суық, күндіз +5+15 градус жылы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір