• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:28:26
Алматы
+35°

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет кулуарында елге келген ресейліктер туралы айтты. 

"Қазақстанға келген ресейліктердің нақты санын айта алмаймын. Біраз азамат келді. Қазір бұрынғы қалпымызға келдік. Себебі Ресейден келіп жатқандардан гөрі, кетіп жатқандар көп. Күніне 8-9 мың адам келіп, 10-11 мың адам шекарадан шығып жатыр. Осылайша, бұрынғы нормаға ендік. Депортацияланғандар бар. Бірақ, олардың нақты санын айта алаймын" деді министр. 

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс үшін ішінара мобилизация жариялағаннан кейін Ресейдің әскерге жарамды біраз азаматтары шетелге қашып, бір бөлігі Қазақстанға келген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір