• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:44:48
Алматы
+35°

10 қазаннан бері Ресейдің әуе шабуылдары Украинадағы электр станцияларының 30 пайызын қиратып, елдегі электр қуатының үзілуіне себеп болған. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады.  

"Путинмен келіссөз жүргізу мүмкіндігі қалмады" деген Зеленский Ресей бір аптадан бері Украинадағы энергетикалық нысандарға шабуыл жасап келе жатқанын айтты.

Ең ауқымды шабуыл 10 қазанда болған. Ресейлік әскерилер Украинаның ірі қалалары мен облыс орталықтарына кем дегенде жүзге жуық шабуыл жасаған. 

Кеше Reuters әуе шабуылдарының кесірінен Запорожье атом электр станциясының жұмысын қамтамасыз ететін жалғыз электр қосалқы станциясына зақым келгенін хабарлады. Украиналық "Энергоатом" АЭС апаттық генераторлардан қуат алуға көшкенін растады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір