• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:25:29
Алматы
+12°
 

Эстонияның заң шығарушы органы Рийгикогу Ресейдегі режимді лаңкестік, ал Ресейдің өзін лаңкестердің демеуші елі деп тануға шақырды.

Рийгикогудың 85 депутаты Ресей басқыншылығы мен Украина аумағын аннекциялап алғанын айыптап, мәлімдеме жасады.

 

"Рийгикогу Украина Жоғарғы Радасының мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға жолдаған үндеуін қолдай отырып, Ресейдегі режимді лаңкестік режим, ал Ресей Федерациясын лаңкестікті қолдайтын мемлекет деп жариялайды. Ресей әрекетіне бірлесе қарсы шара жасау керек" делінген орган сайтындағы мәлімдемеде. 

Эстония парламенті сондай-ақ Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі статусынан айыру талабына қолдау білдіріп, Еуро Одақты Ресей мен Беларуське қосымша санкция салуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір