• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 04:14:37
Алматы
+35°

Асқаралы шыңдарымен аспанменен астасқан Алатаудың баурайында орналасқан ҚазҰУ қалашығы талай жастың студенттік өмірінің қызықты құпиялы сырын бойына бүгіп жатқандай көрінеді.   Осы романтикаға толы ҚазҰУ-да біздің шетелден қандас бауырларымыз қазақ жастары да білім алуға келеді. Шетелден қазақ жастары білім жолындағы алғашқы қадамын әуелі ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің дайындаұ курсында оқудан бастайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында (мәліметпен толығырақ https://www.kaznu.kz сайтынан таныса аласыздар) қазақстандық жоғары оқу орнына түсу үшін Болон үдерісі бойынша оқитын шетел азаматтары және ҰБТ сынағына дайындалуға келген шетелдік қазақ жастарымен қатар отандық жастар да ақылы бөлімде де білім алады. Кафедраның ұстаздар ұжымы дайындық курсының тыңдаушы жастарына сапалы біліммен саналы тәрбие беру жұмыстарын ұштастыра жүргізеді. Бізде білім алу үдерісі 9 айдың ауқымында, қысқа ғана мерзімде болса да, тыңдаушылардың  уақыты қызықты өтеді: олар кафедра, факультет, университет деңгейінде өтетін әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады. Республикалық, халықаралық  деңгейде ұйымдастырылған спорттық, пәндік олимпиадаларға, өнер және шығармашылық байқауларға сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жатады.

Кафедрада «Қош келдің. Қазақстанға!», «Атамекен – алтын бесік», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Әлемге ортақ мереке», «Армысың, әз Наурыз!» секілді  т.б. ұлттық мерекелер мен халықаралық мейрамдарға, атаулы күндерге орай дәстүрлі  салтанатты шаралар,  концерттік бағдарламалар өткізіледі. Еліміздің Түркістан, Тараз секілді тарихи тағылымды қалаларына және табиғаттың тамаша сыйы, інжі-маржандарымыз: Шарын шатқалы, Есік кқлі, Түрген сарқырамасы, Медеу мұзайдынына, Көктөбеге, Шымбұлаққа, Қайыңды көлге және тағы да басқа кһрнекті жерлерге саяхаттайды.

Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі саяси-қоғамдық тынысына, мәдениетіне, салт-дәстүріне бейімдеу және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, оларды құрметтеуге баулу мақсатына арналған әлеуметтік-тәрбиелік маңызы зор іс-шаралармен қатар тыңдаушыларды ғылым-білім жолына жетелейтін ғылыми семинарлар, вевинарлар, жас ғалымдар конференциясы ұйымдастырылады.

Ағымдағы оқу жылы шетелдік жастар үшін еліміздің әсем қаласы Алматыны таныстыруға арналған мәдени-танымдық саяхат сабағы мен кеңпейіл қазақ халқының қонақжайлылығы мен қайырымдылығын, ұлттық мәдениетін, өркениетті өмір тынысын тереңірек таныстыру мақсатында, Республика күнінің құрметіне орай «Қош келдіңдер, Қазақстанға» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. іс-шараны факультет , кафедра басшылығының жетекшілігімен ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері өткізеді.

Олардың жаңа таныстығы, жаңа достармен кездесуі, білім қуған ізденіс пен романтикаға толы қызықты да жарқын студенттік өмірлерінің алғашқы қадамы осылайша біздің кафедраның қыз-қыз қайнаған өнегелі өмірінен, тағылымды тәлімінен, ұлағатты ілімінен  басталады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары

Наралиева Р.Т.; Бегалиева А.К.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір